Алғы шептегі қызметкерлерге қорғаныш киімдерін сатып алуға 7,2 млрд теңге бөлінді - Цой

21 Шілде 2020, 09:21
1996
Бөлісу:
Алғы шептегі қызметкерлерге қорғаныш киімдерін сатып алуға 7,2 млрд теңге бөлінді - Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алғы шептегі қызметкерлерге қорғаныш киімдерін сатып алуға 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн Үкімет отырысында айтты.

Соңғы аптада коронавирус індеті бойынша жағдай тұрақтанды. Тәулігіне 1500-1600 адам індетті жұқтырады. Соңғы 3 аптада 30,4 мың провизорлық және стационарлық  кереует орыннан 49,7 мыңға жеткізіліп, 19,3 мыңға көбейтілді. Қосымша тағы 5,3 мың инфекциялық орын ұйымдастырылды. Осының нәтижесінде мұқтаж науқастардың медициналық көмекке деген қолжетімділігі артты, - деді ол. 

Цой атап өткендей, жансақтау бөлімінің 68 пайызы пайдаланып жатыр.

Карантинге дейін бұл көрсеткіш 91 пайыз болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру барысында пневмония мен коронавирус науқастарының емделуі үшін жеткілікті орын ұйымдастырылды. Үйдегі науқастарға қызмет көрсету үшін 2962 мобильді бригада ұйымдастырылды. Ай соңына дейін олардың саны 3500-ге жетеді, - деді ол. 

Министр атап өткендей, инфекциялық және провизорлық стационарларда 1958 ӨЖА аппараты бар.

Әкімдіктермен бірлесе отырып қосымша 4183 аппарат сатып алынбақ. Оның ішінде 3105-і отандық өндірушілерден сатып алынады. Сондай-ақ 21 мыңнан астам кереует жасанды желдетуге қосылады. Оның 17 мыңнан астамы жасанды концентратқа, 6 мыңнан астамын демеушілер қаражатынан жүзеге асырылады. Бір реттік үшқабатты масканың бағасы 28 пайызға төмендеді. Алғы шептегі қызметкерлердің жеке қорғаныш заттарын тамызға дейінгі қоры жасақталған. Оған 7,2 млрд теңге бөлінді. Оған 41 млн маска, 27 млн қолғап, 379 мың қорғаныш киім мен 1,2 ПТР тест сатып алынады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы