«Әл-Каида» көсемінің көзі жойылды

2 Тамыз 2022, 11:39
1689
Бөлісу:
«Әл-Каида» көсемінің көзі жойылды

 «Әл-Каида» көсемі Айман әз-Зауахиридің көзі жойылды. Оны АҚШ-тың Орталық барлау агенттігі Ауғанстан астанасы Кабулда дронмен шабуылдап өлтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байден мәлімдеді. 

Мұны "Талибан" өкілі де растады және америкалықтардың әуе соққысын "халықаралық қағидаларға қайшы" деп айыптады. Ресми Вашингтон лаңкестікке қарсы операция кезінде бейбіт тұрғындардың қаза таппағанын хабарлады. 

 «Әл-Каида» әмірі Айман Зауахири - бен Ладеннің ұстазы. Олар өмір бойы бірге жүрді. Олар 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылды бірге жоспарлады. Олар Америка топырағында құрбан болған 2977 адамның өлімі үшін жауапты. Сондай-ақ Зауахири Кения мен Танзаниядағы АҚШ елшіліктерін бомбалауға белсене қатысқан. Енді әділдік салтанат құрды, бас лаңкес енді өмірде жоқ, дйді  АҚШ Президенті Джо Байден.

Өзгелердің жаңалығы