АҚШ әскері "Әл-Каида" басшысының көзін жойды

7 Ақпан 2020, 10:55
2198
Бөлісу:
АҚШ әскері "Әл-Каида" басшысының көзін жойды

Алматы, BAQ.KZ. АҚШ әскері Йемендегі "Әл-Каида" (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестік ұйымының басшысы Касима ар-Раимидің көзін жойды. 

Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен Йеменде терроризмге қарсы операция жүргізілген, нәтижесінде ар-Раимидің көзі жойылған.

Оның өлімі Йемендегі "Әл-Каида" ұйымына үлкен соққы болды және жаһанға төндіріп отырған қауіпті сейілтуге жағдай жасайды. Америкалық халықты қорғау мақсатында бізге қастық ойлаған террористерді анықтап, көзін жоятын боламыз, - делінген Ақ үй таратқан мәліметте.

Бұған дейін, Дональд Трамп Сириядағы арнайы операция кезінде ДАИШ басшысы әл-Багдадиді өлтіргендерін хабарлаған.

Өзгелердің жаңалығы