Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен "Астана – адалдық алаңы" жобасы аясында елорда әкімдігімен ұлы ойшыл Әл-Фарабидің құрметіне мурал әзірленді.
Мурал Сәтпаев көшесіндегі үйдің қабырғасында орналасқан.
Әл-Фараби өзінің "Ізгілікті (қайырымды) қала тұрғындарының көзқарастары" атты трактатында мейірімділікке, әдептілікке және әділеттілікке шақырған.
Сонымен қатар, бұған дейін "Адалдық алаңы" жобасы аясында рухани құндылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мақсатында ұлы тұлғалардың мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері жазылған билбордтар орнатылғанын атап өткіміз келеді, - делінген хабарламада.
Әл-Фараби, Абай Құнанбаев, Бауыржан Момышұлы, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов, Шоқан Уәлихановтың сөздері жазылған билбордтар қала көшелеріне, аялдамаларда, әуежайда, ақпараттық мониторларға орнатылды.
Шығармашылық топ құрамы: Эскиз авторлары Али Закир, Ержан Танаев, сурет салған жас суретшілер орталығының резиденттері Бекболат Мұратбекұлы мен Болд Даулет, куратор Кристина Бекмурзаева.