Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

21 Тамыз 2020, 18:05
1464
Бөлісу:
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Комиссия сыйлықты алуға ұсынылған 6 жұмысты қарап, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижелерімен және келесі үш секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарымен танысты: 

медицина ғылымдары бойынша; 

қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша; 

жаратылыстану ғылымдары және металлургия бойынша. 

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2020 жылғы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы