Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақ жол демократиялық партиясының мүшелері Түркістан облысына барды. Азат Перуашев бастаған партия мүшелері «Комбинат Фараб» зауытының ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында партия өкілдері өзі табыс табатын, бюджетке салық төлейтін және жұмыспен қамтитын кәсіпкерлерді қолдау керектігін айтты.
Кездесу барысында кәсіпорын көп болса, жұмыс орны жеткілікті болатыны айтылып, жұмысшылардың сұрақтарына жауап берілді.
Сондай-ақ, партия мүшелері Шымкентте бірнеше кездесу өткізді. Олардың бірі №53 орта мектепте өтті, мұнда 2 мыңнан астам оқушы оқиды және 200-ге жуық мұғалім жұмыс істейді.
Сонымен қатар, «ақжолдықтар» «СКАТ» әуекомпаниясының басшылығымен және ұжымымен кездесті. Кездесу барысында халықаралық әуежай құрылысы мәселелері талқыланды.
Партия мүшелері саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалына гүл шоқтарын қойып, «Ақ жолдың» қалалық филиалының автошеруіне қатысты.