Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал қаласында Ақжайық жастары «Қазақстан жастар фракциясымен» бірлесе отырып 30 түп көшет отырғызды.
Табиғат дүниесіне керемет көрік беріп тұрған ағаш атаулының адам денсаулығына пайдалы екені мәлім.
«Жұбан» саябағында өткен сенбілік «Киелі табиғат» жалпыұлттық жобасы аясында өтті.Аталған игі іс-шараға облыс жастары белсене қатысты.
Атап айтсақ, облыстық мәслихат депутаттарымен жастар ұйымдары атсалысты.
Болашақта осы жас көшеттер мәуелі ағашқа айналар деген сенім бар. Ең бастысы туған жерді түлетуге әр азаматтың парызы екенін еске салып тұратын болады.
Аталған акцияға елдің барлық өңірі қолдау көрсетіп жатыр.