Халықаралық конгресс аясында елеулі еңбек еткен акушерлер марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осы салада ұзақ жыл бойы қызмет еткен республиканың түкпір-түкпірінен келген акушер дәрігерлерді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова марапаттады.
Қызметтік жолымда осы салада өзім де қызмет етіп көрдім. Сондықтан қызметтеріңіздің қаншалықты қиын екенін білемін. Барлықтарыңызға алғыс білдіремін. Министрлік дәрігерлердің барлық жағдайын мүмкіндігінше жасайды, - деді министр.
Дәрігерлерге алғыс хат пен шипажайға жолдамалар табысталды.
Еске салсақ, Астанада "Аялы алақан" акушерлік іс мамандарының I Халықаралық конгресі өтіп жатыр.