Ақтоты Райымқұлова тарихи-мәдени мұраны зерттеудің өзектілігін айтты

3 Қараша 2021, 12:25
1746
Бөлісу:
Ақтоты Райымқұлова тарихи-мәдени мұраны зерттеудің өзектілігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Ұлы Даланың жеті қыры: Сібір ұлысы және Тайбұға Қазақстан тарихында» конференциясында мәлімдеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры», ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақалалары аясында нақты тапсырмалар беріліп, еліміздің мәдени мұрасына көңіл бөлініп, көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқаны өздеріңізге белгілі. Жалпы, ұлттық тарихымызды зерделеу және оны ары қарай таныту қоғамның тарихи санасын қалыптастыратын стратегиялық өзекті мәселе екені бәрімізге айқын, – деді Мәдениет және спорт министрі.
Райымқұлова тарихымызға ерекше мән беретін халық екенімізді, сол себепті бұл стратегиялық өзекті мәселе екенін атап өтті.
Қоғамдық сананы жаңғырту, сондай-ақ «Ұлы даланың жеті қыры» іргелі мақаласын біз халқымыздың және мемлекетіміздің тарихи өткеніне зор көңіл бөлінетінімізді Атырау облысынды өткен конференция, сонымен қатар Жошы ханны институты ашылуы және бүгінгі ғылыми-практикалық конференция көрсетіп отыр. Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және көпшілікке тарату саласындағы бағдарламалық мақалаларды іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы үшін осы ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін, – деді Ақтоты Райымқұлова.

Өзгелердің жаңалығы