Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысындағы сауда орындары жексенбі күні де жұмыс істейді. Бас санитарлық дәрігердің қаулысы алдағы жұмадан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
Сондай-ақ, жанармай бекеттері, техникалық қызмет көрсету орталықтары, аяқ-киім, тігін шеберханалары мен химиялық тазалау қызметі де өздерінің ішкі тәртіптеріне сәйкес жұмыс істей алады. Тамақ жеткізумен айналысатын фудкорттардың қызметіне де рұқсат.
Ал мектепке дейінгі ұйымдар кезекші топтарға 20 балаға дейін қабылдай береді. Дегенмен, Жаңа жылға орай көпшілікке арналған іс-шаралар, балабақшаларда кештер өткізуге болмайды. Мұндай талап меншік түріне қарамастан барлық нысандарға қойылып отыр.
Ақтөбе облысында карантин шаралары жеңілдетіледі «Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда желілері, сауда объектілері, жабық азық-түлік сататын, азық-түлік емес базарлардың жұмысы жексенбі күні және мереке күндері жұмыс жасауға рұқсат етіледі», - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова.