Ақтөбеде эпидахуал жақсарып келеді

5 Қазан 2021, 23:00
5240
Бөлісу:
Ақтөбеде эпидахуал жақсарып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысының COVID-19-ға қарсы екпе алу барысы, жалпыұлттық халық санағы мен облыс бюджетінің игерілуіне байланысты сұрақтар қаралды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, бірқатар мемлекеттік басқармалардың басшылары, сонымен қатар, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері онлайн түрде қатысты.

Мәжіліс барысында өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, COVID-19-ға қарсы екпе алу және халық санағының өту барысы туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров баяндама жасады. Оның айтуынша соңғы күндері өңірімізде ковидпен ауырған адамдардың саны азайып, эпидахуал тұрақталып келеді.

Сонымен қатар, жиын барысында облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Өнербаевтың 2021 жылға республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан бөлінген қаражаттардың игерілуі туралы  баяндамасы тыңдалды.

Өңір басшысы облыс әкімінің орынбасарларына, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдеріне қаржының дұрыс игерілуі туралы мәселені үнемі бақылауда ұстауды, халық санағын онлайн түрінде тапсыруды жеделдетуді және мал азығын дайындауды қамтамасыз етуді айтып өтті.

Жиын соңында аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жол құрылысы қарқынын тездетуге және т.б. қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы