Ақтөбеде 26 жастағы жігіт өзенге батып кетті

5 Шілде 2021, 19:26
1472
Бөлісу:
Ақтөбеде 26 жастағы жігіт өзенге батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде 26 жастағы жігіт суға батып кетті. 1995 жылы туған жас жігіт Елек өзеніндегі суға шомылуға тыйым салынған орынға барған. 

Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйінде суға түскен. 

Оның денесін құтқарушылар 3,5 метр тереңдіктен шығарды. Ақтөбе облыстық ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Суға мас күйде шомылмаңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, тыйым салынған орындарда шомылмаңыз. Айта кету керек, жыл басынан 15 адам, оның ішінде 4 бала тілсіз жаудың құрбаны болып отыр, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Өзгелердің жаңалығы