Ақтөбе облысында тағы екі ауылға газ жетті

24 Қараша 2021, 22:05
983
Бөлісу:
Ақтөбе облысында тағы екі ауылға газ жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қараша күні Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына қарасты Вознесеновка және Достық ауылдарына газ кірді.

Газ құбырларын іске қосу рәсіміне облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

Мемлекет басшысының ауылдық аймақтарды дамыту туралы тапсырмаларына сәйкес Ақтөбе облысында ауылдарды газдандыру, сумен және басқа да игіліктермен қамту бойынша ауқымды шаралар жүргізіліуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады, – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Ақтөбе облысында тағы екі ауылға газ жетті

Вознесеновка ауылында 148 үй мен алты әлеуметтік нысан, ал Достық ауылында 112 түтін мен екі әлеуметтік нысан бар.

Әрине, газ келмей тұрып, көп қиындықтар болды. Су төрт жыл бұрын жүргізілген. Қазір үйде су бар, енді газ келді. Қуанып жатырмыз. Барлық ауыл тұрғындарының атынан Президентке, облыс әкіміне, үлкен жұмыс атқарған жұмысшыларға алғыс айтамын. Газ құбырлары салына бастағанда екі айдан кейін газдың игілігін көретінімізге сенбеген едік, - дейді қуанышымен бөліскен Достық ауылының тұрғыны Алтынай Есқарина.

Айта кетейік, ауылдарды газдандыру жобалары Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында жүзеге асырылған. Бұл мақсатқа 617 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Вознесеновкада облыс әкімі сондай-ақ, мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Мекеме ғимараты 1975 жылы салынған. Мұнда жуырда жөндеу жүргізіліп, қасбеті, терезелері, есіктері мен сахнасы жаңартылды, жарық пен газ жүргізілді, киім-кешек тұратын бөлме жабдықталды.

Сарыжар ауылдық округінде Оңдасын Оразалин «Бай Орда» шаруа қожалығында болды. Қожалық шаруаларды мемлекеттік қолдау бағдарламаларын пайдаланып, мамандандырылған техника сатып алу үшін 28 млн теңге жеңілдетілген қарыз алыпты, былтыр түйіршіктелген жем шығаратын цехты іске қосқан.

Цехтың қуаттылығы – сағатына 1 тонна түйіршік.

Мен телекоммуникация саласында сегіз жыл еңбек еттім. 2017 жылы жұмыстан шығып кеттім де, ауыл шаруашылығымен айналысамын деп шештім. Қазір шартәрі шығарамыз. Гүлтәжі өсіреміз, бұл құрғақшылыққа төзімді біржылдық дақыл. Әр гектардан 20 тоннаға дейін жасыл масса алуға болады. Бірінші жылы, әрине, қиын болды – жерді зерттеп, өңдеу керек дегендей. Өткен жылы, цехты іске қосқанда да оңай болған жоқ, адамдар тіпті түйіршіктің не екенін білмеді. Биыл, құрғақшылыққа байланысты Ақтаудан сатып алушылар бар. Жергілікті тұрғындар әзірге аз алып жатыр, бірақ жайлап еттері үйренуде. Сұраныс көп. Былтыр өткізу жағы проблема болған, биыл керісінше – сатып алушылар көп. Мемлекет үлкен қолдау көрсетіп, маған жерді 49 жылға берді, екі жыл салық төлемеймін, – дейді қожалық басшысы Ертай Кенжебеков облыс әкімімен әңгімесінде.

Ақтөбе облысында тағы екі ауылға газ жетті

Тәңірберген ауылдық округінде Оңдасын Оразалин учаскелік полиция инспекторы мен ветеринар дәрігердің кабинеті орналасқан әкімдіктің жаңа ғимаратын қарап шықты.

Бұдан бөлек, өңір басшысы ұзындығы 15 шақырымдық «Вознесеновка-Мәртөк» автокөлік жолын, сонымен қатар, 15 жыл пайдалануға есептелген қатты тұрмыстық заттарға арналған жаңа полигонды қарап шықты.

Айта кетейік, жарын Ақтөбе облысында қатты тұрмыстық заттарға арналған полигонның құрылысы бойынша сегіз жоба жүзеге асырылмақ. Осылайша, облыс аудандарының барлығы полигонмен қамтылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы