Ақтөбе облысында орташа жалақы өседі – Мамин

18 Тамыз 2021, 10:48
2775
Бөлісу:
Ақтөбе облысында орташа жалақы өседі – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары таныстырылған Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты.

Ақтөбе облысы – батыс агломерациясының орталығы, еліміздегі маңызды индустриялық-аграрлық өңір екенін атап өтті. Металлургия, химия және мұнай-газ салаларын дамыту үшін облыстың айтарлықтай әлеуеті бар. Кешенді жоспардың 36 іс-шарасын іске асыру облыстың дамуына жаңа серпін береді, бес жыл ішінде шамамен 5,8 трлн теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Асқар Мамин айтқандай, Ақтөбе облысының елді мекендерінде инженерлік-коммуникациялық, индустриялық, көлік инфрақұрылымын дамыту жобалары жүзеге асырылады.

Облыста жаңа денсаулық сақтау, білім нысандары мен өндіріс орындарын ашу өңірдің дамуына жаңа серпін береді. 114 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Ең бастысы облыстың тұрмыс сапасы мен әл-ауқаты артады, орташа жалақы өседі. Біз бұл кешенді жоспарды мақұлдаймыз. Кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін барлық күш-жігер жұмсалуы қажет. Барлық орган жоспардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін, - деді Мамин.


Өзгелердің жаңалығы