Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 125 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аумағында 2021 жылғы 24-30 маусым аралығында «Мигрант» облыстық жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді. «Мигрант» республикалық жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 125 шетелдік және Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ПД КҚБ қызметкерлері ҮЕҰ серіктесімен Ақтөбе облысындағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым «Дәріс» ақпараттық-консультативтік орталығымен бірлесіп, 2021 жылғы 24 маусымда Өзбекстан Республикасының үш азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын қалпына келтіруге және елге оралу үшін билеттер сатып алуға көмек көрсетті.
Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған төрт шетелдік ҚР аумағынан шығарылды.Сондай-ақ «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында 14 шетелдік тұруға ықтиярхат куәлігімен құжатталып, Өзбекстан Республикасының консулдығына бару үшін сегіз анықтама берілді.