Ақтөбе облысында екі күнде жол ережелерін бұзудың 1 070 дерегі анықталды

21 Қараша 2020, 10:16
1509
Бөлісу:
Ақтөбе облысында екі күнде жол ережелерін бұзудың 1 070 дерегі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 18-20 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Polisia.kz. 

Іс-шара барысында белгіленген қозғалыс жылдамдығы арттырғаны үшін 208 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 14 дерегі, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығудың 15 дерегі, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде басымдық бермеудің 52 дерегі, бағдаршамның тыйым салатын сигналына жүрудің 18 дерегі анықталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 162 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы