Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды

29 Қараша 2020, 14:36
2054
Бөлісу:
Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қарашада ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жасағы «Жамбыл» шекара бөлімшесінің учаскесінде елікті заңсыз атумен айналысқан бір топ адамды ұстады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлағандай, анықтау бойынша 24 қараша күні Т есімді ҚР азаматы өзінің достары ҚР азаматтары, Ақтөбе қаласының тұрғындарын аң аулауға шақырды. Аталған адамдар тобы 3 автокөлікпен 6 елікті атқан.

Көлікті тексеру кезінде елік ұшасы мен 8 қару табылды.

 Ұсталғандар іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Әйтеке би аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылды. 

Айта кетейік, Қазақстанда 18-20 мың елік бар, оларды аулау тек лицензия бойынша жүргізіледі. Аналықтар әдетте 9 айда өте әдемі, терісінде дақтары бар екі текшені өмірге әкеледі . Олардың өмір сүру ұзақтығы 12 жылға дейін ғана.


Өзгелердің жаңалығы