Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған 73 бала полиция бөлімшесіне жеткізілді

6 Тамыз 2021, 04:20
2552
Бөлісу:
Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған 73 бала полиция бөлімшесіне жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4-7 тамыз аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмысты, оның ішінде бірнеше адам болып жасаған қылмыстарды анықтау (бұзақылық, тонау, ұрлық, қорқытып алу және т.б.), кәмелетке толмағандардың алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды тұтынуы, олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс және ойын-сауық орындарында болу фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталған шаншу-кесу заттарын (атыс, суық қаруды, денсаулыққа зиян келтіруге қабілетті басқа да заттарды, есірткі және психотроптық заттарды) тәркілеу.

Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.

Нәтижесінде жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші күні полиция бөлімдеріне 73 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, оның 71-і тұрғын үйдің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз 23.00-ден 06.00-ге дейін болғаны үшін, біреуі ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабында көзделген ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жеткізілді.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін үш ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмаған бір адам «Аяла» өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Полиция бөлімінің есебіне 13 жасөспірім және сегіз қолайсыз отбасы қойылды.

Өзгелердің жаңалығы