Ақтөбе облысында 6 борышкер жауапкершілікке тартылды

27 Маусым 2021, 13:37
1776
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 6 борышкер жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында 6 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады жеке сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі.

6 ақтөбелік борышкер алимент төлемегені үшін 2-ден 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынды. Жылдар бойы әкелік міндеттемелерін орындамай, қарыздарын 1,5 - 2,5 миллионға дейін жеткізген. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елімізде ЖСО ұсынысымен 1016 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, әкімшілік қамаққа алынған борышкерлер міндеттерінен босатылмайды. Алимент ерте ме, кеш пе төленуі керек.

Өзгелердің жаңалығы