Ақтауда түзету мекемесінің ғимараты қирап, екі сотталған қайтыс болды

19 Шілде 2021, 22:24
2187
Бөлісу:
Ақтауда түзету мекемесінің ғимараты қирап, екі сотталған қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында түзету мекемесінің ғимараты қирап, салдарынан екі адамның көз жұмғаны және жеті адамның жараланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 16.00 шамасында Маңғыстау облысы ҚАЖД-ға қарасты ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақхана типтес екі қабатты ғимараттың біреуі жартылай қирап қалған.

Қазір оқыс оқиға кезінде жатақхана ішінде 10 адамның болғаны анықталды. Үйінді астынан 9 адам шығарылды. Алған жарақаты салдарынан 2 сотталған азамат көз жұмды. Қалғанының жағдайы қанағаттанарлық. Мұқият қарап-тексеру жұмыстарын жүргізу үшін олар ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, оқиға орнында ТЖД апаттық-құтқару бригадасы, ПД қызметкерлері, прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ тағы бір сотталғанды іздестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмысқа арнайы техника тартылды.

ҚАЖ комитетінде сотталғандардың туыстарымен байланыс орнатуға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін кол-центр ұйымдастырылды: 8 (7172) 72-30-40 (Нұр-Сұлтан), 8-776-677-80-77.

Министр орынбастары Арыстанғали Заппаровтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Оған ҚАЖ комитетінің басшылығы, Ұлттық превентивті механизмінің қатысушылары енгізілді. Комиссия мүшелері болған жайттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына жол тартты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қызметтік тексеру жүргізілуде. Аталған жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауында, - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Өзгелердің жаңалығы