Ақтауда мереке күндері қоғамдық жолаушылар көлігі тегін қатынайды

30 Қараша 2021, 22:48
1426
Бөлісу:
Ақтауда мереке күндері қоғамдық жолаушылар көлігі тегін қатынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекеге орай  қаладағы барлық бағыттағы қоғамдық көліктер, атап айтса, №2, 3, 3м, 4, 5, 8, 107 көліктердегі жол ақысы жолаушыларға тегін болады. 
Мереке күндеріне орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көліктерде тегін жүру жеңілдігі бұған дейін де ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы да қос мерекеге орай осындай жеңілдік жасауды жөн көрдік. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы, егемендігіміз нығая бергей, – деді қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай. 

Өзгелердің жаңалығы