Ақтауда Каспий күні атап өтіледі

11 Тамыз 2019, 13:44
2864
Бөлісу:
Ақтауда Каспий күні атап өтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін 12 тамызда Каспий теңізі күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік бағдарламада арт-терапия, суретшінің аквагримі, зумбадан шеберлік-сағаты, бизнес сабақтары, музыкалық кеш жоспарда бар.
Каспий күні 12 тамызда сағат 19:00-21:00 аралығында 15 шағын ауданның жағалауында (амфитеатрдың жанында) өтеді және кіру тегін.

Айта кетсек, жыл сайын Каспий жағасындағы елдер 12 тамыз күнін атап өтеді. Былтыр дәл осы айтулы мерекеде Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Түрікменстан елдері басшыларының қатысуымен бесінші Каспий саммиті өткен болатын.
Өзгелердің жаңалығы