Ақтауда батыр апаларымыздың муралы салынады

16 Мамыр 2021, 17:37
1481
Бөлісу:
Ақтауда батыр апаларымыздың муралы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына ел мақтаныштарының ірі көлемдегі суреттері салына бастады, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімнің баспасөз қызмет.

Алғашқы мурал - халық жазушысы Әбіш Кекілбаевқа арналды. Суретті 4 шағын аудандағы 2 үйден көруге болады. 

Мұнан соң ақын Фариза Оңғарсынова мен Есенғали Раушановтың муралы салынады. Әр суретті бейнелеуге 4-5 күн кетеді, - делінген хабарламада.

Ал «Мәңгілік алау” ескерткішіне қарама-қарсы орналасқан үйлердің қасбетіне қазақтың үш батыр қызы - Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанованың суреті салынады. 

Осылайша Ұлы отан соғысында от кешкен жандардың ерлігіне құрмет көрсетілмек.

Жалпы қаладағы 10 үйдің сыртқы қабырғасында мурал пайда болады. Бұл жұмыстарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Ел игілігі үшін” жобасы аясында Ақтау қаласының әкімдігі жүзеге асыруда.

Өзгелердің жаңалығы