Ақтауда 4 қыз теңізге ағып кетті

1 Шілде 2021, 02:19
5408
Бөлісу:
Ақтауда 4 қыз теңізге ағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңертең теңізде сапбордпен жүзіп жүрген 4 қыз суға ағып кетті, деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы қызметі. 

Оқиға бүгін таңертең шамамен 08:00-де 1-шағынауданда болған.

8:10-да кезекшіге теңізге ағып кеткен қыздар туралы хабарлама түскен.

8:20-да құтқарушылар оларды жағалауға алып шығып, дәрігерлерге табыстады.

Үш бойжеткен – 2002 жылғы, біреуі 2003 жылғы болып шықты.

Өзгелердің жаңалығы