Ақтау қаласының маңында өрт болды

18 Қыркүйек 2021, 15:06
5601
Бөлісу:
Ақтау қаласының маңында өрт болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақтау қаласына жақын орналасқан №4 өнеркәсіптік аймағының ашық алаңында өрт болып, салдарынан қою қара түтін пайда болды. 

Ақтау қаласының маңында өрт болды

Маңғыстау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, айнала заңсыз қоқысқа толып кеткен.

Белгілі болғандай, бұл аумақта үйіліп жатқан көлік доңғалақтары өртеніп, әп-сәтте бірнеше шаршы аумақты жалмап үлгерген. Тез тұтанатын резеңке доңғалақтарынан шыққан жалын алғашында бет қаратпады. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Оқиға орнына алғашқы болып полицейлер мен өрт сөндіру қызметі жетті. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тәртіп сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз етті. 

Сондай-ақ Маңғыстау облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары келіп, атмосфералық ауадан сынамалар алды. Күйенің (сажа) белгіленген нормадан тыс жоғары екендігі анықталып отыр. 

Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Сағдат Хансейтовтың айтуынша, өрт орын алған орынның қожайыны немесе өртенген қалдық иесі анықталып, жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады. Өрт неден шыққаны құзырлы органдар анықтауға кірісіп кетті.

Ақтау қаласының маңында өрт болды

Өрттің себеп-салдары алдағы уақытта анықталатын болады. Оқиға орнына қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жеке құрамның 30 полиция қызметкері мен 4 экипаж тартылды, - деп атап өтті Ақтау қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Асқарұлы.

Ақтау қаласының маңында өрт болды

Ал Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Мақсат Сарғалиұлының айтуынша, өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 20 қызметкері мен 5 арнайы техника тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылған. Сонымен қатар Ақтау қаласының әкімдігі бір жүк тиегіш және екі су тасушы техникалар бөлініпті.

Ақтау қаласының маңында өрт болды

Өзгелердің жаңалығы