Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтаулық эколог Кирилл Осин Ақшұқыр ауылында үй жануарларының бей-берекет көмілгенін анықтады, деп хабарлайды lada.kz.
Ол бұл жағдай туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінде болған жағдайға қатысты түсініктеме берілді.
«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің басшысы Кирилл Осин аталмыш жерді 29 қаңтарда тапқан. Эко-активист 2011 жылы БАҚ-та Ақтауда Қазақстандағы жануарларға арналған алғашқы крематорийдің пайда болғаны туралы мәлімдегенін еске салды.
Он жыл бұрын крематорий қойылды, бірақ іс жүзінде ештеңе жоқ па? Крематорий және жануарлар қорымы жоқ па? Осы уақыт ішінде далада, елді мекендерге жақын жерде қаншама импровизацияланған және стихиялық жерлеу орындары бар?, - дейді Осин.
Оның пікірінше, жануарлардың мәйітін уәкілетті органның немесе ұйымның кәдеге жарату процесін ұйымдастыру тұрғысынан да, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан да бұл әрекет заңсыз.
Бұл оқиғаға Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Орналастырылған фотосуреттерден ашық ауада қаңғыбас иттердің өлексесі төгілген жердің Ақшұқыр ауылындағы «Қошқар Ата» аумағында орналасқандығын байқауға болады. Бұл талаптарға сәйкес келмейді. Иттердің қаңқасы өртеліп, жойылады, ал кінәлілер жазаланады. Сонымен қатар Сайын және Ақшұқыр ауылдары маңында биотермалдық қазандықтың құрылысы аяқталғанын хабарлаймыз. Онда қаңғыбас иттердің өлексесін жою жоспарлануда. Алдағы уақытта Ақшұқыр ауылы мен 43 шақырым арасындағы аумақ толығымен пайдалануға беріледі, - деп түсіндірді әкімдікте.