Ақсуда әйел бұзақылардан күйеуін арашалап қалды

28 Ақпан 2021, 19:49
4353
Бөлісу:
Ақсуда әйел бұзақылардан күйеуін арашалап қалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейнежазбаның үзіндісі әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Іnstagram-дағы aksu.ermak парақшасында оқиға түнгі сағат 00:30 шамасында №2 мектептің жанында болғандығы жазылған. Белгісіз қаскүнемдер әйелі және екі баласымен серуендеп жүрген адамға шабуыл жасаған.

Әйел ер адамға араша түсіп, бұзақыларға қарсылық көрсетеді. Мұндай батылдықты күтпеген бұзақылар, оқиға орнынан қашып кетеді.


Бұл факт Ақсу полиция бөлімінде тіркелген. Жанжалға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, - деді қалалық полиция бөлімінде. 



  Тексеру жүргізіледі, оның нәтижелеріне процессуалдық баға беріледі.
Өзгелердің жаңалығы