АҚШ-тың Ауғанстанға қатысты дербес шешім қабылдағаны қате болды – Джонатан Гранофф

15 Қараша 2021, 14:28
1008
Бөлісу:
АҚШ-тың Ауғанстанға қатысты дербес шешім қабылдағаны қате болды – Джонатан Гранофф

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы америкалық заңгер, жаһандық қауіпсіздік институтының президенті Джонатан Гранофф «Астана клубының» алтыншы отырысының кулуарында айтты.

Орталық Азия проблемалары әлемнің мәселелерімен қиылысады. Мәселен, климаттың өзгеруі. Бұл мәселелерді елдердің көшбасшылары шешуі керек. Көп елде демократиялық тарих жоқ. Оларда тым қатал иерархия. Бірақ халықты естуі керек. Мысалы, Трамп АҚШ-тың президенті болғанда адамдар санаты үкіметте таныстырылмады. Меніңше, барлық таптың дауысы ескерілуі керек. Бұл мәселе Қазақстанда сияқты бізде де үлкен мәселе болып отыр, - деді Гранофф.
Ол атағандай, Ауғанстан Ұлыбритания мен Ресей сынды елдердің араласуынан қатты жапа шекті.

«Талибан» үлкен дүмпу енгізді. Соғыс 20 жылға созылды. Көп қаржы жұмсалды. Қорытындысында «Талибан» жеңіске жетті. АҚШ та бұл мәселеге араласты. Ал одан өз өмірін сүргісі келетін қарапайым адамдар жәбір көрді. АҚШ тарапынан бұл мәселеге қатысты дербес шешім қабылдағаны қате болды. Біз бұл мәселе аясында бірге жұмыс істеуіміз керек. Бұл мәселенің қарапайым шешуі жоқ. Оларда әлі де топтық бөліністер бар. Осы мәселені шешуде оны да қарастыру керек, - деді Джонатан Гранофф.


Өзгелердің жаңалығы