АҚШ тұңғыш рет әйелді арнайы әскери күштерінің сапына қосты

17 Шілде 2021, 18:42
2195
Бөлісу:
АҚШ тұңғыш рет әйелді арнайы әскери күштерінің сапына қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарихта тұңғыш рет АҚШ әскери-теңіз күштерінің SEAL отрядтары мен су тасқыны бөлімшелерін қамтитын арнайы операциялар дирекциясына әйел қабылданды. Бұл туралы CNN хабарлады.

Әскери-теңіз күштері бағдарламасын аяқтаған алғашқы әйел болу - бұл ерекше жетістік. Біз жаңа команда мүшесімен мақтанамыз. Ол өзінің әріптестері секілді арнайы күштердің сарбазына қажет сипаты мен танымдық қабілетін қатар көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді,- деді Басқарушы контр-адмирал Хью Вайман Ховард.

Жаңа спецназ қызметкердің аты-жөні айтылмады. Жалпы, 18 әйел әскери-теңіз күштерінің қатарына кіруге тырысқан. Олардың 14-і сынақтардан өте алмаған. Тағы үшеуі өз кезегін күтіп, алдағы уақытта арнайы жасаққа қосылуы мүмкін.

Айта кетейік, 2015 жылы АҚШ-тың Әскери-теңіз күштері SEALs әйелдерді өз қатарына қосатыны туралы хабарланған болатын. Ол кезде Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы алты айлық оқу курсын жеңе білген әйелдің қызмет етуіне жол бермеудің мәні жоқ екенін айтқан.

Өзгелердің жаңалығы