АҚШ-тағы президент сайлауында 100 млн адам дауыс беріп үлгерді - елші

4 Қараша 2020, 10:40
2643
Бөлісу:
АҚШ-тағы президент сайлауында 100 млн адам дауыс беріп үлгерді - елші

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Америкадағы  президент сайлауына арналған онлайн шара барысында айтты.

Оның айтуынша, АҚШ азаматтары қазір президент  сайлауында пошта немесе электронды пошта арқылы дауыс беріп жатыр. 

Қазіргі уақытта АҚШ-тың 100 млн азаматы дауыс беріп үлгерген. АҚШ-та пошта арқылы дауыс беру бірнеше жылдан бері іске асып келеді. Өзім дипломатия саласында жұмыс істеген соң әрдайым пошта арқылы дауыс бердім. Сондықтан Қазақстанда тұратын АҚШ азаматтары пошта арқылы дауыс бере алатынын біледі. Олар интернет арқылы тіркелген соң дауыс беру бюлетені жіберіледі, сол арқылы дауыс береді. Осы сайлауда 30-40 млн-дай адам пошта арқылы дауыс беретін болып жатыр. Сонымен қатар, АҚШ-та алдын ала дауыс беру деген жүйе бар. Онда адамдар дауыс беру уаскелеріне алдын ала барып, дауысын ерте бере алады. Америкалық демократия әрқашан дамып келеді, жаңа өзгерісті жағдайларға бейімделуде, - деді ол. 

Елші сондай-ақ президент болып қай үміткер сайланса да АҚШ-тың Қазақстанға деген саясаты өзгеріссіз қала беретінін айтты.

1991 жылы АҚШ президенті Джордж Буш тәуелсіздігін алған жаңа ел Қазақстанды бірінші болып мойындаған еді. Сол кезден бері біздің демократиялық болсын, республикалық болсын саясатымыз Орталық Азияға, Қазақстанда еш өзгерген жоқ, - деді Уильям Мозер. 

АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Эрик Майер де сайлау барысына тоқталып өтті.

Біз Алматыдағы бас консулдықта дауыс беріп, АҚШ президентінің сайлау барысын қадағалап отырмыз. Кез келген елде АҚШ елшілігі бар, алайда бас консулдық барлығында жоқ. Орталық Азияда тек Алматыда ғана консулдық бар. Өйткені Алматы инновация бойынша көшбасшы болып саналады. Сондықтан мұндағы консулдық біз үшін өте маңызды, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы