АҚШ-та Тәуелсіздік мерекесі кезінде 150 адам оққа ұшты

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;АҚШ-та Тәуелсіздік мерекесі тойланған күндері 400-ден астам атыс болып, 150 адам ажал құшты. Бұл туралы «Қару-жарақ зомбылығы архиві» зерттеу ұйымына сілтеме жасаған CNN телеарнасы хабарлады.&nbsp;</h4>

 7 Шілде 2021 2021, 07:15
7 Шілде 2021 2021, 07:15
3299

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та Тәуелсіздік мерекесі тойланған күндері 400-ден астам атыс болып, 150 адам ажал құшты. Бұл туралы «Қару-жарақ зомбылығы архиві» зерттеу ұйымына сілтеме жасаған CNN телеарнасы хабарлады. 

Ең көп өлім-жітім Нью-Йоркте тіркелген. Онда 3 күннің ішінде 26 адам оққа ұшқан. Жалпы бұл шаһарда биыл атыстан қаза тапқандар саны былтырғыға қарағанда 40%-ға өскен. АҚШ президенті Джо Байден 23 маусымда Қылмыспен күрес стратегиясын таныстырған еді. Ақ үй қаруды заңсыз сататындарды жауапкершілікке тартып, орталық үкімет тарапынан жергілікті құқық қорғау органдарына көмек көрсетуді ұсынған.

Наверх