АҚШ-қа шетел азаматтарының кіру тәртібі өзгерді

3 Қараша 2021, 12:47
992
Бөлісу:
АҚШ-қа шетел азаматтарының кіру тәртібі өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 8 қарашадан бастап АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасы бойынша санитарлық қадағалау басқарамасы немесе ДДҰ мақұлдаған препараттармен COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды растайтын сертификаты (паспорты) бар адамдарға ғана АҚШ аумағына кіруге рұқсат етіледі, – делінген хабарламада.
Бекітілген тізімге Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac сияқты вакциналар кіреді.

Осыған байланысты, аталған сертификаттар вакцинацияға жауапты мемлекеттік орган бекіткен нұсқа бойынша рәсімделуі тиіс. Бұл құжаттардың түпнұсқалығын авиакомпания қызметкерлері АҚШ-қа ұшқанға дейін тіркеу кезінде тексереді. Сонымен қатар жаңа талаптар 18 жасқа дейінгі балаларға, вакцинациялауға құжатпен қарсы көрсетілімдері бар адамдарға, сондай-ақ дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визалары бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне және халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды.

Өзгелердің жаңалығы