АҚШ елшісі азаматтарды вакцина алуға шақырды

21 Сәуір 2021, 14:00
1850
Бөлісу:
АҚШ елшісі азаматтарды вакцина алуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозердің қатысуымен онлайн дөңгелек үстел өтті.

Елші Мозер Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның серіктестігі, оның ішінде отыз жылдық ынтымақтастықтағы негізгі жетістіктер мен болашақ перспективалар туралы айтып берді.

Алдымен қасиетті Рамазан айында жылы тілегімді білдіргім келеді. Ораза қабыл болсын! Бірге жиналып, көптеген ризышылықтарға шүкіршілік етудің және арамыздан кеткен адамдарды еске алудың маңыздылығы осы жылы ерекше сезіледі. Болашақта Рамазан айында әлеуметтік арақашықтықты сақтап, маска тағып жүру қажеттілігі орын алмасын деп шын жүректен тілеймін, - деп айтты Уильям Мозер.

Елші пандемияны жеңуге аз қалғанын айтты.

Біз пандемияны жеңуге жақындап қалдық. КВИ-ге қарсы вакцина бүкіл әлемде, соның ішінде АҚШ елшіліктерінде де салынып жатыр. Мен өзім алғашқы дозаны өткен аптада алдым, - дейді ол.

Дипломат азаматтарды вакцина алуға шақырды.

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы серіктестіктің маңызды кезеңі туралы айтқым келеді. Биыл біз Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтеміз. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет ретінде біз бұл мерейтойды бірге атап өтіп жатқанымызды мақтан тұтамыз, - деп түсіндірді АҚШ елшісі.

Ол мысал ретінде 1991 жылы 17 желтоқсанда, яғни, тәуелсіздік алған күннің ертеңінде Қазақстанға келген бұрынғы мемлекеттік хатшы Бейкердің фотосуретін көрсетті. Бұл ресми сапар екі елдің байланысының сол кезде қаншалықты маңызды болғанын айқын көрсетеді.

Отыз жылдық ынтымақтастық АҚШ пен Қазақстан арасындағы қатынастарға оң әсер етті. Сондай-ақ достық байланыс бұрынғыдан да берік бола түсті. Екі ел арасындағы достық пен серіктестік тек нығая түседі, - деп айтты Уильям Мозер.



Өзгелердің жаңалығы