Ақпарат саласы мамандары марапатталды

15 Желтоқсан 2020, 20:20
1527
Бөлісу:
Ақпарат саласы мамандары марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде медиа саласының және азаматтық қоғамның өкілдеріне мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Министр Аида Балаева әріптестерді Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, қалтқысыз қызметтері үшін алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева келесі мемлекеттік наградаларды табыс етті:

«Құрмет» ордені – Абуова Қаламқас Әскерқызы - «Халықаралық «Казинформ» ақпараттық агенттігі» АҚ бас директорының кеңесшісі;

«Ерен еңбегі үшін» медалі – Миронюк Татьяна Александровна - «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры; Қожаев Шалқар Мұқашұлы - «Хабар 24» арнасының шеф-редакторы.

Сонымен қатар, министр еңбегімен ерекшеленген Министрліктің бірқатар қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыстады.

Өзгелердің жаңалығы