Ақордада мемлекет басшысы Белорусь президентімен кездесті

25 Қазан 2019, 10:22
2421
Бөлісу:
Ақордада мемлекет басшысы Белорусь президентімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанға Белорусь Республикасының президенті Александр Лукашенко ресми сапармен екі күнге келді.

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Белорусь Республикасының президенті Александр Лукашенконы қабылдады. 

Беларусь президентімен бірге Қазақстанға ауылшаруашылығы, машина құрылысы, қаржы, құрылыс, электротехникалық, көлік-логистикалық, тағам және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы кәсіпкерлер келді. Сапар аясында Нұр-Сұлтанда бизнес форумдар өтеді.
 
Беларусь президенті Қазақстанға ресми сапармен келетіні туралы осыған дейін хабарлағанбыз. Кеше Александр Лукашенко елордадағы Отан қорғаушылар алаңына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, Беларусь Республикасы елшілігінің жаңа ғимараты ашылды.

Ал Белорусь делегациясы ресми сапардан 5 күн бұрын келіп, екіжақты келіссөздерге және Лукашенконың ресми сапарына дайындық жұмыстарын жүргізді.
Өзгелердің жаңалығы