Ақмолалық жас өнертапқыштар жаңа жобаларын таныстырды

7 Маусым 2021, 14:48
3603
Бөлісу:
Ақмолалық жас өнертапқыштар жаңа жобаларын таныстырды
PHOTO
Фото: автордан

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмолалық оқушылар робототехника бойынша әзірлеген STEM-жобаларын таныстырды. Олардың арасында дене температурасын өлшеуге және қолды антисептикпен өңдеуге арналған робот, омыртқаны түзеуге арналған құрылғы, Spider-bot және қалдықтарды кәдеге жаратудың «ақылды» жүйелері бар.

Іс-шара ғылыми-техникалық шығармашылық, бағдарламалау, жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша дарынды оқушылар мен студенттерді қолдауға бағытталған.

Мұндай кездесу біздің облыста алғаш рет өткізіліп отыр. Бүгінгі таңда облыста 53 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Онда 20 мыңнан астам оқушы, ғылыми-техникалық бағыттағы үйірмелер мен студияларда алты мыңға жуық бала оқиды. «Болашақ сарайы» инновациялық орталығының үйірмелеріне баратын бір мың оқушының 300-і IT саласымен айналысады. Тыңдаушылар оқушылардың жобаларымен танысып, кеңінен талқылайтын болады, - деп атап өтті Ақмола облыстық Білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.
Ақмолалық жас өнертапқыштар жаңа жобаларын таныстырды

Балалар ұсынған жобалардың кейбіреулері пилоттық режимде болса да, телефонмен өзара әрекеттеседі, қарапайым, бірақ түсінікті командаларды орындайды.

Жас өнертапқыштар өздерінің жобаларын жұртшылық назарына ұсынды. «Кванториум»техникалық шығармашылық орталығының тәрбиеленушісі Дәурен Төлеубай (жетекшісі Абзал Жаргүлбаев) өзінің «Дене температурасын өлшеуге және қолды антисептикпен өңдеуге арналған робот» жобасын таныстырды.

Мысалы, дене температурасын өлшеуге және қолды антисептикпен өңдеуге арналған робот дене қызуын өлшеп, қолыңызды зарарсыздандырады. Құрылғыға жанасудың қажеті жоқ. Датчиктер қозғалысқа жауап береді.

«Steam-технология» робототехника үйірмесінің тәрбиеленушісі Шәкір Ағынтай «Адамның мүсінін қолдауға арналған құрылғы» қызықты жобасын көрсетті. Тоғызыншы сынып оқушысы ойлап тапқан құрылғыға тыңдаушылар қызығушылық танытты.

Оқушының айтуынша, бүгінде адамдардың көпшілігі компьютер мен смартфонда отыруға көп уақыттарын жұмсайды.

Мен кішкентай құрылғыны ойлап таптым, ол рюкзак сияқты, арқа тұсқа қойылады және адамның иілуіне жол бермейді. Яғни адамның омыртқасы қисая бастағанда сенсорлар іске қосылады. Бұл қондырғы әлі де жетілдіріледі. Құрылғы қашықтан оқитын немесе жұмыс істейтін адамдар үшін жасалған. Олардың көпшілігі компьютерлерге көп уақыт жұмсайды және қисайып отырады. Бұл омыртқаға теріс әсер етеді, – дейді жас өнертапқыш.

Құрылғы арқаға қойылады. Егер арқа түзу болса, еш өзгеріс болмайды. Бірақ адам иіле бастаса арқадағы қондырғыда діріл пайда болады. Қазір Шәкір Ағынтай «Шагомер» типі бойынша құрылғыға арналған мобильді қосымшаны әзірлеуде - ол діріл санын есептейтін болады. Жоба пилоттық. Автор оны адам күні бойы киюге болатындай құрылғыны ретінде аяқтауды көздейді.

Бурабай ауданының «Арман» мектептен тыс жұмыс орталығының техникалық паркінің тәрбиеленушісі, 11 сынып оқушысы Никита Шлейнингер «бионикалық робот» атты жобасын ұсынды.

Ол адамның басқаруымен қиын табиғи жағдайларда күрделі зерттеулер жүргізу мақсатында құрылған. Робот фильмдердегі механикалық өрмекшіге ұқсайды. Көздің орнына веб-камера, ал «өрмекшінің» өзі смартфонның көмегімен қашықтан басқарылады. Робот адам үшін қолжетімді емес жерлерде зерттеу жұмыстарына арналған. Материалдың авторы түсіндіргендей, эко-контейнердің автоматты түрде ашылуы – басты ерекшелік. Оларды адамдар көп жиналатын жерлерде орнату жоспарлануда, - дейді жоба авторы.

«Автомобиль шанағын жөндеудегі заманауи тәсілдер» – Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Қасым Естаев ұсынған жоба.

Қалдықтарды кәдеге жаратудың «ақылды» жүйелері – қызығушылық тудырған тағы бір жұмыс. Экоконтейнер – «Болашақ сарайы» Робототехника студиясының тәрбиеленушісі Бахтияр Метаевтың жобасы. Жоба авторы осындай контейнерлерді облыстың оқу орындарында орнатуды жоспарлап отыр.

Төрт фракциядан тұратын экоконтейнер қоғамдық орындарда қоқысты – қағаз, шыны, пластик және алюминийді бөлек жинауға арналған. Барлық төрт фракция контейнерге жақындаған кезде ғана ашылады: сенсор іске қосылады. Экоконтейнердің қаңқасы қайталама шикізаттан – жиналмалы пластиктен жасалады. Жобаны әзірлеудегі түпкі мақсат – облыстың барлық мектептерде осындай контейнерлерді орнату, сол арқылы өскелең ұрпақтың туған өлкенің экологиясын құрметтеуге тәрбиелеуге өз үлесімді қосу, - дейді Бахтияр Метаев.

Тұсаукесер барысында Бақтияр Метаевқа «біздің адамдар қоқысты әртүрлі пакеттерге орауға әлі үйренбеген, жобаның іске асатынына сенімдісің бе?» деген сауал қойылды.

Егер осылай ойласақ, еліміз ешқашан дамымайды. Уақыт өте келе әр адамның түсігіні өзгереді деп ойлаймын. Қоқысты сұрыптай отырып, сіз біз еліміздің дамуына үлкен үлес қосамыз. Мұны әркім білуі тиіс және осы жобаның арқасында біз азаматтарда эко-танымдылықты дамытамыз, - деп жауап берді Бақтияр Метаев.

Кездесу соңында облысты білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов авторлардың әрқайсысына алғыс хат табыс етіп, жаңа жетістіктер тіледі.

Кездесу соңында балалар жаратылыстану-ғылыми және техникалық, IT-бағыттар бойынша ғылыми жобалармен айналысатын оқушылардың бірлестігін құруды ұсынды. Бұл идеяны басқарма басшысы да қолдады.

Осы бағыттарды дамыту үшін жазғы лагерь ашылады. Ол кейіннен жаңа клуб белсенділерін жинау орталығына айналады. Бірінші маусымда облыстық білім басқармасы мен клуб арасында техникалық және IT-бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады, - деді басқарма басшысы.

Өзгелердің жаңалығы