Ақмолада 11 жастағы баланы ұрып-соққан ер адам анықталды

9 Қараша 2021, 11:09
1019
Бөлісу:
Ақмолада 11 жастағы баланы ұрып-соққан ер адам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолада 11 жасар баланы ұрып-соққан ер адам анықталды,деп хабарлайды Polisia.kz.

Целиноград ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 34 жастағы жергілікті тұрғынның арызы бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты.

Әйел полицияға хабарласып, 20 шілдеде шамамен сағат 15:15-те оның 11 жасар ұлын белгісіз біреудің ұрып-соққанын айтты.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, кәмелетке толмаған балаға фронтальды ығысумен жақтың сынуы диагнозы қойылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 38 жастағы Қоянды ауылының тұрғынын анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі іс жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы