Ақмола облысында жем-шөп тапшылығының алдын алу бойынша жұмыс күшейтілді

12 Шілде 2021, 15:44
3541
Бөлісу:
Ақмола облысында жем-шөп тапшылығының алдын алу бойынша жұмыс күшейтілді

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында жем-шөп тапшылығының алдын алуға байланысты төтенше шаралар қолға алынуда. Бұл туралы аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесте мәлім болды.

Биыл жауын-шашынның азық-түлік өндірісіне ғана емес, сонымен қатар, жем-шөп дайындауға да кері әсер етуде.

Ақмола облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркеш Әленовтың айтуынша, облыста көктемгі егіс жұмыстары жоспарланған мерзімде аяқталды. Өткен жылмен салыстырғанда егістік алқаптары ұлғайған. Алайда «Қазгидромет» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының деректеріне сәйкес мамыр-маусым айларында аудандар бойынша жауын-шашынның орташа айлық мөлшері-13,1 және 19,1 мм құрады, бұл нормадан 2 есе төмен (норма 33-35 мм) және бұл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егістіктерінің ағымдағы жағдайына әсер етті. Кейбір шаруашылықтарда жауын-шашын мүлдем түспеген.

2021 жылғы 8 шілдедегі жағдай бойынша 1,8 млн га – жақсы жағдайда, 2,5 млн гектар – қанағаттанарлық, 228,1 мың гектар нашар жағдайда. Бұл көрсеткіштер күн сайын өзгеріп отырады. Қазгидрометтің болжамдарына сәйкес, шілде-тамыз айларында жауын-шашынның орташа көп жылдық түсімі күтілуде, бұл егістіктердің жағдайын жақсартуға және жүгері және бір жылдық шөптердің өсуіне мүмкіндік береді, - деп атап өтті Еркеш Әленов.

Ерейментау, Қорғалжын, Атбасар, Жақсы және Есіл аудандарында алаңдатарлық жағдай байқалады. Ылғалдың жетіспеушілігінің салдары қандай болуы мүмкін?

Әрине, өнімділік өткен жылдағыдай емес, аз болады деп болжанып отыр. Құрғақшылықа байланысты мал азығы да жеткілізсіз болуы мүмкін. Бірақ біз бұл мәселені шешуге тырысамыз. Егістікте қалатын сабанды басып, тұрғындарды мал азығымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сабанды ұсақтау туралы мәселе болмауы керек. Бұл туралы алдын ала хабарланды, - деп атап өтті Еркеш Әленов.

Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов өңірде шөп шабу ісі қалай жүріп жатқанын, адамдарға қандай көмек көрсетілетінін және ол туралы қалай хабардар етілетін сұрады.

Облыста шөпке деген қажеттілік 1 млн 181 мың тонна. Бүгінде осы көлемнен шөптің 35-40% - ы бізде дайындалды, бірақ қазір жемшөп дайындауды негізінен ірі шаруашылықтар жүргізеді, ал жеке сектор әдетте шілде-қыркүйек айларында егін жинауға шығады. Аудан әкімдеріне ауылдық округтерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырмалар берілді. Қазір шөп шабуға шығып, дайындықпен айналысу керек. Қалыптасқан жағдай мал азығының жеткілікті қорын дайындау қажеттілігін тудырады. Жем-шөпке толық қажеттілікті қамтамасыз етпеу мал басының күрт азаюына және тіпті малдың өліміне әкелуі мүмкін. Мәселені жедел шешу, жем-шөппен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін шараларды қабылдап, төтенше жағдай жариялау қажет. Бұл не береді? ТЖ жариялау меншік нысанына қарамастан, табиғи шабындықтар мен жайылымдарды өтеусіз қайта бөлуге, жайылымы бар, бірақ малы жоқ шаруашылықтардан уақытша қайта бөлу жолымен жеке қосалқы шаруашылықтарға шабындықтарды айқындауға мүмкіндік береді. Бұл адамдарға шөп дайындауға мүмкіндік беретін төтенше шаралардың бірі. Жалпы алаңдатарлық жағдай, құрғақшылықтың ұзақтығы күн сайын артып келеді. Жергілікті атқарушы органдар, жеке қосалқы шаруашылықтар шілде айының соңына дейін жемшөп дайындау үшін барлығын жасайды. Әр ауданда Ақмола облысы әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды, ол жем-шөп дайындау бойынша істің жағдайына мониторинг жүргізеді, - деп жауап берді Ақмола облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов.

Кейбір аудандарда дала жануарлары егіс алқаптарын таптап, шаруаларды шығынға ұшыратуда. Айталық, Астарахан ауданында қиындықтар бар. Көптеген шабындықтар мен жайылымдар аптап ыстықтан кеуіп қалды.

Бұл жағдай бізде жылдан жылға қайталанып келеді. Егер өткен жылы 10 мыңға жуық ақбөкен болса, қазір олардың саны 20 мыңға жетті. Ақбөкен тіпті Астраханка арқылы Нұр-Сұлтан аумағына дейін жетті. Бірақ ол Қызыл кітапқа енгізілген жануар. Екі жыл бойы бұл мәселені шешу үшін келіссөздер жүргізіп келеміз. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады деген шешім бар. Әзірше әркім өз аумағын күзетуден басқа амал жоқ, өйткені киіктерді атуға болмайды, - дейді Ғалымжан Әбдіқалықов.

Биыл облысқа 70 млрд теңгеге жуық мемлекеттік қолдау көрсетілді, оның 39 млрд теңгесі – субсидиялар және 31 млрд теңгесі – несиелендіру. Өңір үкіметтен шөп дайындау үшін қосымша 10 мың тонна дизель отынын сұрады. Шабу техникасымен қамтамасыз ету мәселесі де айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес Ақмола облысының әкіміне құрғақшылыққа байланысты алдын алу шараларын қабылдау және жұмысты үйлестіру үшін бірқатар ұсынымдар әзірледі.


Өзгелердің жаңалығы