Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды

6 Наурыз 2021, 08:42
1377
Бөлісу:
Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады aikyn.kz.

Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-ға тиесілі катодты алтынды ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық іс-әрекеттері салдарынан кәсіпорынға 122 миллион теңге көлемінде аса ірі шығын келтірілді, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 4-бөлігі, «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынды.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлерінің арасынан осы қылмысты жасауға қатысқан адамдарды анықтау және табу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылғанын хабарлады.


Өзгелердің жаңалығы