Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді

9 Сәуір 2021, 03:33
1330
Бөлісу:
Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында карантиннің шектеу шараларын күшейту туралы өңірдің бас санитарлық дәрігерінің кезекті қаулысы шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаңа қаулыда отбасылық, естелік (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды қоғамдық тамақтану объектілерінде және үйде өткізуге тыйым салынып отыр. Сонымен бірге, қоғамдық тамақтану объектілерінде және үйде (отбасылық, естелік іс-шаралары (банкет, үйлену той, мерейтой, мерекелік корпоратив, лотерея ұтыс ойыны) ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға, сондай-ақ қызметі ҚР және Ақмола облысының БМСД-нің қолданыстағы қаулыларымен шектелген объектілерге барудан бас тарту ұсынылды.
Көпшілік іс-шараларын (мерекелік, көпшілік спорт, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция т.б. өткізуге), отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, мерекелік корпоратив, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі, ойын клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батут және тағы басқалар), букмекер кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық, кальян орындарының (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметі тоқтатылады. Мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге, көрермендердің қатысуымен спорт іс-шараларын өткізуге тыйым салынады, – делінген қауылда.
Бұдан бөлек, банкет залдары, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары, мәдениет объектілер, кинотеатр, театр, концерт залдары, жүйелі жүрмейтін облысаралық және қалалық (туристік тасымал) қозғалысын тоқтатады.

Ал сенбі мен жексенбіде жабық азық-түлік емес базарлардың, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтарының, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының, фитнес орталықтары, тренажер залдары мен спорт-сауықтыру орталықтарының, сауна, бассейн, СПА орталықтарының қызметіне тыйым салынады.

Сонымен қатар штаттық кестеде 20-дан артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс атқарады. Жаңа қаулы 2021 жылғы 11 сәуірде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.


Өзгелердің жаңалығы