Коронавирус: Ақмола облысында карантин күшейтілді

31 Шілде 2021, 19:17
2354
Бөлісу:
Коронавирус: Ақмола облысында карантин күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының бас санитар дәрігері эпидемиологиялық ахуалға байланысты жаңа қаулыға қол қойды. Өңірде карантин шаралары күшейтілмек. Бұл туралы облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жариялады.

Жаңа қаулыға сәйкес, көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады. Сауда-ойын сауық орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат кешкі 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.

Ал сенбі және жексенбі күндері бұл нысандар жабық болады. Базарлар жексенбі және мереке күндері жұмыс істемейді. Облыстағы дәмхана мен мейрамханалар да жұмыс күндері ғана сағат 18:00-ге дейін ашық болады. Оған қоса, олардың толтырылуы 30 адамнан аспауы керек. Ал асханаларға толтырылуы 60 адамнан аспаған жағдайда сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін қызмет етуге рұқсат берілді.

Фитнес орталықтары мен жаттығу залдары тек жұмыс күндері сағат кешкі сегізге дейін ғана адам қабылдай алады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін күнделікті таңғы сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы