Ақмола облысында экотуризмнің жаңа түрі – глэмпинг дамытылады

25 Мамыр 2021, 14:55
3605
Бөлісу:
Ақмола облысында экотуризмнің жаңа түрі – глэмпинг дамытылады
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта тұрмысқа қажетті, қолайлылығы қарастырылған жабайы табиғатта демалатын экотуризмнің жаңа түрі дами бастады.

Пандемия салдарынан қаладағы қоғамдық орындар, музей, демалыс орындарына шектеу болғандықтан, экотуризмге деген қызығушылық күрт артты. Осыған орай Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы Жүкей көлі жағасында «Жұлдызды орман» атты глэмпинг демалыс аймағы салына бастады.

Ақмола облысында экотуризмнің жаңа түрі – глэмпинг дамытылады

Жоба авторы Айнұр Қуанышқызының айтуынша, індеттің таралуы барлық салаға түбегейлі өзгеріс әкелді. Атап айтқанда, карантиндік шаралар туризм саласына айтарлықтай әсер етті. Көптеген елдерде төтенше жағдай жарияланып, шетелден келетін қонақтарға шектеу қойылып, шекаралары жабылды.

Ақмола облысында экотуризмнің жаңа түрі – глэмпинг дамытылады

Бүгінде қалыптасқан жағдайлар ішкі туризмді дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға үлкен мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, глэмпингтер желісін құру маңызды бағыттардың бірі. Қатаң карантиндік талаптарға сәйкес, көптеген адамдар таза ауада демалуға тырысады, - деді Айнұр Қуанышқызы.
Ақмола облысында экотуризмнің жаңа түрі – глэмпинг дамытылады

Жаңа демалыс аймағында қонақтарға төрт адамнан тұратын отбасы мүшелері орналаса алатын 11 жайлы орын және тікелей фермалардан жеткізілетін табиғи өнімдерден жасалатын тағамдар ұсынылады.

Ақмола облысында экотуризмнің жаңа түрі – глэмпинг дамытылады

Демалушылар атқа мініп саяхаттап, квадроцикл, велосипед теуіп, көңілдеріне қонымды істермен айналыса алады. Жөкей көлінің жағасында балық аулап, табиғат аясында демалады.

Ақмола облысында экотуризмнің жаңа түрі – глэмпинг дамытылады

Біржан сал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Марал Шаужанова өңірде глэмпингті іске қосу экологиялық туризмді дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Глэмпинг – тұрмысқа қажетті заманауи заттармен жабдықталған жайлы орындар құрып, табиғатта демалғанды жөн көретін жандарға арналған демалыс орны. Табиғаты әсем, таза ауа әрі сыңғырлаған құстардың даусы бар біздің өңірге келетін демалушылар саны одан сайын арта түсеріне сенім мол, - деді Шаужанова.

Айта кетейік, БҰҰ-ның Бүкіләлемдік туристік ұйымы ауылдық және экологиялық туризмді дамытуды атап өткен. Себебі пандемия әсерінен экотуризм жаһандық туризм үлесінің 30%-ын құраған.

Ақмола облысында экотуризмнің жаңа түрі – глэмпинг дамытылады

Өзгелердің жаңалығы