Әкімшілік жауапкершілікке тартылған министрліктер аталды

17 Ақпан 2021, 12:39
1167
Бөлісу:
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған министрліктер аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен брифингте Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаев қандай министрліктерде әкімшілік құқық бұзушылық тіркелгені туралы айтып берді.

Агенттік 2020 жылы рұқсат мерзімдерін, беру тәртібін бұзғаны, сондай-ақ, оларды беруден негізсіз бас тартқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 410 хаттама толтырды. 

174 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардан мемлекеттік кіріске 10,5 млн теңге айыппұл өндірілді, - деді Ильдар Үйсімбаев.

Оның сөзінше, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің 28 мемлекеттік қызметшісі жауапкершілікке тартылды. 

Сондай-ақ, 17 облыстық басқарма басшылары, 2 облыс орталықтарының әкімдері, 6 аудандық әкім және 29 ауылдық округ әкімдері. Сонымен бірге жер қатынастары бөлімінің 47 жетекшісі, архитектура бөлімінің 34 тұлғасы және транспорт бөлімінің 4 басшысы жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті ол брифингте.

Сонымен бірге департамент директоры қандай министрліктерде құқық бұзушылық тіркелгенін айтып берді.

Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Білім және ғылым, Ұлттық экономика, Экология, Сауда және интеграция министрліктерінің 34 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Үйсімбаев журналистерге.


Өзгелердің жаңалығы