Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев ведомствоның апталық брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, соңғы жылдары елде бөтеннің мүлкіне, оның ішінде азаматтардың ортақ пайдаланылатын заттарына қасақана зақым келтіру фактілері жиілеп кеткен.
Күнделікті өмірде кіреберістердегі зақымдалған лифттер, айналасы сынған, түймелері өртенген, түрлі жазулар жазып бүлдірген фактілерге тап болған шығарсыздар. Көбіне мұндай әрекеттерді адамдар қасақана жасайды. Яғни саналы түрде, өздеріне есеп беру арқылы олар басқа біреудің мүлкін бүлдіреді. Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚК-нің 202-бабы) елеулі залал келтірілген жағдайда ғана туындайды. Келтірілген залал сомасы 200 АЕК-тен немесе 690 мың теңгеден асуы тиіс, - деп атап өтті Әкімшілік полиция комитетінің өкілі.
Сондай-ақ ол залар мөлшері оған жетпеген жағдайда азаматтардың өздері дәлелдемелер жинау, бұзушылардың сауалнамалық деректерін анықтау, олардың жүрген жерін білу сияқты мәселелерімен айналысатындығын айтты. Өйткені залалды өтеу азаматтық-құқықтық алаңда шешіледі.
Бұл, әрине, полициядан көмек күтетін зардап шеккен адамдар мен қоғам тарапынан теріс реакцияны тудырады. Әдетте, азаматтардың едәуір бөлігі сотқа жүгінбейді, ал құқық бұзушылар жауапкершіліктен жалтарып кетеді. Жазасыздық одан әрі еркінсуге жол ашады.
Бұл мәселеге Мемлекет басшысы да назар аударды, бұзақы-бүлдіргіштерге вандализм мен қоғамдық, сондай-ақ жекеменшік мүліктерді бүлдіргені үшін жазаны қатаңдату тапсырылды. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде ішкі істер министрлігінің құқық қолдану практикасын ескере отырып, келісім бойынша жұртшылықпен, мүдделі мемлекеттік органдармен вандализм, қоғамдық, сондай-ақ жекеменшік мүліктерді бүлдіргені үшін жазаны қатаңдату жөнінде заңнамалық түзетулер әзірленді, - деді Азамат Құрымбаев.
Белгілі болғандай, 3 қаңтарда Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқық бұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Біріншіден, вандализм қылмыстық бабының диспозициясы анықталды және нақтыланды (Қылмыстық кодекстің 294-бабы), оның нормалары «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтірілді. Сондай-ақ осы құқық бұзушылықтар үшін санкциялардың төменгі шегі белгіленді. Енді заң бұзушыға ең төменгі сома - 172 мың теңге немесе 50 АЕК қаралған, - деді ол.
Екіншіден, бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді (ӘҚБтК-нің 147-1-бабы). Яғни залал 200 АЕК-тен (690 мың теңге) аспайтын жағдайда қолданылады.
Үшіншіден, ұсақ бұзақылықтың әкімшілік бабының (ӘҚБтК-нің 434-бабы) диспозициясына: «көліктегі мүлікті қасақана бүлдіру немесе өзге де қоғамдық орындарда», сондай-ақ оның құқық бұзушылықтары үшін санкциялар ұлғайтылды.
Іс жүзінде мұндай әрекеттер негізінен ұсақ бұзақылықтың құрамын құрайды. Төртіншіден, Қылмыстық кодекстің 294-бабының (вандализм) жаңа редакциясын ескере отырып, (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы( кодекстің 448-бабына сәйкес келтірілген, бұл кәмелетке толмағандардың вандализмі, - дейді басқарма бастығының міндетін атқарушы.