Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыру тақырыбында өткен брифингте айтты.
Бағаны тұрақтандыруға ерекше көңіл бөлінеді. 2017 жылдан бастап 2020 жыл аралығында 4,6 млрд теңге бөлінді. Бұл тетіктің тиімділігін ескере отыра биыл қосымша тағы 1,2 млрд теңге бөлінді, - деді ол.
Ермолдина айтқандай, қатысушылардың барлығы келісімшартты ұстанады. Себебі оны орындамау бойынша айыппұл қарастырылған.
Күнбағыс майының бағасына келетін болсақ, олардың түрлері өте көп. Біз нақты бір түрін анықтадық. Олардың барлығын бақылау мүмкін емес. Күнбағыс майын жеткізетін жеткізуші барлық талапты дұрыс ұстайды. Magnum супермаркеті бекітілген бағаны келісім бойынша ұстап тұр, - деді ол.
Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрқтандыруға бөлінетін қаржы бойынша көшбасшы болып отыр.
5,8 млрд теңге әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұрақтандыруына бөлінді. Тұрақтандыру қорлары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Олар бірнеше сауда орындарына қант қорын жеткізді. Сауда орындары жеңілдікпен несие ала отырып, бағаны белгілі бір уақытқа тұрақтандырады. Бұл тиімділікті көрсетіп отыр, - деді ол.