Әкімдік рұқсат бермейді. Досаев кейбір құрылыстың тексерілетінін айтты

27 Тамыз 2022, 15:49
1572
Бөлісу:
Әкімдік рұқсат бермейді.  Досаев кейбір құрылыстың тексерілетінін айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қала басшысы тұрғындардың 100-ге жуық өзекті сұрағына жауап берді. Сауалдардың бірі иін тірескен ішінара құрылысқа қатысты болды.

Райымбек көшесі 172 мекенжайында шағын қонақүй болған еді. Қазір оның орнына үлкен тұрғын үй кешенін салып жатыр. Сіз қалада ішінара құрылысқа тыйым салған едіңіз. Көлік қоятын тұрағымызды алып қойды. Қазаншұңқыр үйімізден 8 метр жерде. Ауламызда кешкісін жүздеген адам серуендейді. Ал тұрғын үй кешені салынар болса аядай жерде жүретін адамдар көбейе түспек. Санитарлық нормалар да сақталып жатқан жоқ , – деп Алмалы ауданының тұрғыны қала әкімі Ерболат Досаевқа сауалын жолдады.

Ең алдымен сұраққа Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев жауап берді. Оның айтуынша, тұрғын үй кешенін салуға әкімдік рұқсат бермеген.

Осы мекенжайға барып көрдім. Бұл «Диал-Строй» компаниясының жобасы. Оның жанында Сейфуллин даңғылына қарай тағы екі құрылыс салушы кіріп кетіпті. Ертең кептеліс болмас үшін Бас жоспар бойынша Киров атындағы зауыттан төмен және Райымбек, Мұратбаев, Сейфуллиннен жоғары орамды кешенді түрде қайта қарап жатырмыз. Мұнда әлі де жеке сектор бар. Құрылыс салуға рұқсат берген жоқпыз , – деді Мұхит Әзірбаев.

Ал қала әкімі Ерболат Досаев болса жер жеке меншіктікі екенін, әкімдік оның орнына құрылыс салу үшін алдымен жер телімін сатып алу қажет екенін атап өтті.

Қала ресми түрде рұқсат қағаздарын бермегенін мәлімдейді. Сізге жаңа ғана орамды тұтасымен Бас жоспар бойынша қайта қарайтынын айтты. Онымен қоса ырықтандыру мақсатында құрылыс компанияларының арқасында қабылданған қолданыстағы талаптар құрылысқа тексеріспен де кіруге мүмкіндік бермейді. Сіздің өтінішіңізді қараймыз. Жауапты басқарма прокуратурамен бірге құрылысты тексереді , – Ерболат Досаев

Өзгелердің жаңалығы