Әкімдік Алтайдағы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді

2 Мамыр 2024, 11:38
465
Бөлісу:
Әкімдік Алтайдағы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін жауын-шашынның мол түсуінен Алтай ауданы Зубовск кентіндегі Бұқтырма өзенінің деңгейі көтеріліп, 5 тұрғын үйге және 24 үйдің ауласына су кіру қаупі төнген, деп хабарлайды BAQ.KZ ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімдігі мен ТЖ алдын ала іс-қимылдарының арқасында тұрғын үйлерді топан су қауіпінен сақтап қалды. 

Әкімдік Алтайдағы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді

Өзен жағалауы алдын ала нығайтылып, су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді. Тұрғындар эвакуациядан өз еріктерімен бас тартқан, қазір олар туыстарына уақытша орналастырылды. Ауыл мектебінде оқу қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев ауданға келіп, жағдайды өз бақылауына алды. Әуе қозғалысы арқылы аудандағы өзен деңгейін бақылау жұмыстары жүруде, - делінген хабарламада. 

Әкімдік Алтайдағы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді

Сондай-ақ бүгін Катонқарағай ауданы Коробиха ауылында да өзен деңгейі көтерілді. Су тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақтарға енбей, көшелер бойындағы транзитпен өтті. Сағат 10:00-де өзен суының деңгейі төмендеді.

Өзгелердің жаңалығы