Әкім орынбасары Каспийдің тартылуына байланысты жағдайды баяндады

8 Маусым 2023, 20:02
800
Бөлісу:
Әкім орынбасары Каспийдің тартылуына байланысты жағдайды баяндады

Каспий теңізінің тартылуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия Каспий теңізінің таяздануына байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу үшін, жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында осындай шешім қабылдады. Бұл шешім "МАЭК" ЖШС-нің жұмысына әсер етпейді. Қаланы электрмен және сумен жабдықтау қалыпты жағдайда жүзеге асырыла бермек.

Оның себебі "МАЭК" ЖШС түскен өтініш хат болатын. Теңіздің тартылуына байланысты ТЭС-2 барып тұрған арналарда болашақта судың тиісті деңгейде келмеу қаупі бар. Кезектен тыс төтенше жағдайлар жариялаудың отырысын өткіздік. Қалыптасқан жағдайды "МАЭК" ЖШС директоры баяндады. Соған байланысты жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Төтенше жағдайдың мақсаты, болашақта болатын төтенше жағдайдың алдын алу. Яғни, ескерту жұмыстарын жүргізу. Соның бағытында тиісті шаралар қабылдау. Бірінші қалыптасқан екі нысанға сараптама жұмыстарын жүргізіп, оның жұмысын одан әрі қандай бағытта жасалуын анықтау. Болашақта арнаға келетін судың көлемін азайтпау мақсатында жасалып жатқан шара. Кәсіпорын қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Кеше түнде қалада суға шектеу болды. Оның себебі сумен жабдықтау торабына байланысты. Соның ортасында магистралдық су құбыры бар. Сол жерде ақау болды. Бүгін түнде толықтай жөнделіп, су берілді. Жарияланған төтенше жағдайға кәсіпорынның қатысы жоқ, - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Имаммахмут Шағырбаев.

Қазір «МАЭК» ЖШС электр энергиясы мен суды өндіруде қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Өндірілетін судың қазіргі көлемі тәулігіне 51 мың-52 мың текше метрді құрайды. ТЭС-1, ТЭС-2 арналары да қалыпты жағдайда жұмысын жалғастырып жатыр. Күні бүгінге дейін арықтарды тазалау жұмыстары өз деңгейінде атқарылуда. Жарияланған төтенше жағдай 30 күнге созылады.

Өзгелердің жаңалығы