Көңілді тапқырлар кулубының туған күніне орай Қостанайда қалжыңның қыр-сырын меңгерген топтардың арасында облыс әкімінің кубогі сарапқа салынды, деп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл ойын «Қостанай облысындағы КВН қозғалысын дамыту және қолдау» жобасы аясында өткенін айта кеткен жөн. Аталмыш күлкі кешіне «Достар лигасының құрамасы» 2022 маусымының қазіргі қатысушыларымен қатар «Түлектер құрамасы», «Жайдарман лигасының құрамасы», «Рудный қаласының құрамасы», «Ардагер ойыншылар» секілді 5 топ өзөнерлерін ортаға салды.
Жалпы ойын сәлемдесу мен ширату секілді екі бөлімен форматта өтті. Ойынға есімдері елімізге танымал өнер адамдарымен қатар мәдениет пен жастар ұйымдарының басшылары қазылық етті.
Бұл жолғы «Әкім кубогының» жеңімпазы «Жайдарман лигасының құрамасы» КВН командасы болды. Олар ойын қорытындысы бойынша 9,6 балл жинады. Келесі ойын «Достар» лигасының финалы осы жоба аясындағы жылдың қорытындысы болмақ. Ақтық мәре ойындары 24 қарашада жоспарланып отыр. Бұған дейін фестивальдің 1/8, 1/4 және 1/2 ойындар өтті. 2022 жылдың маусымның шыққан 5 команда үшін жүлде қоры 1,5 млн теңге болатын жүлде тағайындалды, - дейді Қостанай облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Абай Дүйсеков.