Әкім Алматы облысында 30 жылда қандай өзгерістер болғанын айтты

11 Қараша 2021, 17:53
1180
Бөлісу:
Әкім Алматы облысында 30 жылда қандай өзгерістер болғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысында 30 жылда қандай өзгерістер болды. Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Алматы облысының дамуы туралы брифингте облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

Биыл барша қазақстандықтар үшін айрықша жыл. Тәуесіздігімізге 30 жыл толып отыр. Осы мерейтойға Алматы облысы жақсы нәтижелермен жетті. Мәселен, жалпы өңірлік өнім көлемі 35 млн теңгеден 3 трлн 700 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Өнеркәсіп өнімін шығару 9,5 млн теңгеден 1 трлн 200 млрд теңгеге дейін өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі биыл 1 трлн теңгеден асады деп жоспарлап отырмыз, -деді Алматы облысының әкімі.

Сонымен қатар ол осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономиканың барлық саласында тұрақты өсім болғанын айтты

30 жылдың ішінде 14,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бюжетке түсімдер 1997 жылғы 11 млрд теңгеден 742 млрд теңгеге дейін өсті. 30 жылда облыс экономикасына 6,5 трлн теңге инвестиция салынды. Бұл Елбасының тапсырмасына сәйкес қабылданған индустриалдық және инновациялық даму бағдарламасының арқасында мүмкін болып отыр, -деді Амандық Баталов.
Өзгелердің жаңалығы